Жаңалықтар

Ел оңтүстігінде жер сілкінісі сезілді

Ел оңтүстігінде жер сілкінісі сезілді
Фото: pixabay.com 13.04.2025 09:39 599

13 сәуір күні сағат 09:23-те (Астана уақытымен) Төтенше жағдайлар министрлігінің «Сейсмология ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы» сейсмикалық станциялар желісі Тәжікстан аумағында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жерасты дүмпуінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 673 шақырым қашықтықта орналасқан.

Жер сілкінісінің әсері Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде – Түркістан, Жамбыл және Шымкент қалаларында байқалды. Қаттығы 2-3 балл шамасында болған. Мырзакент, Жетісай, Сарыағаш, Шардара, Шымкент, Тараз, Арыс, Абай, Ленгер, Сайрам, Манкент секілді елді мекендерде 3 баллға дейінгі дүмпу сезілген. Түркістан, Кентау, Шу, Мойынқұм, Жаңақорған және басқа бірнеше елді мекендерде 2 баллдық тербеліс байқалды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат түскен жоқ.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға