Жаңалықтар

Ел бірлігін дәріптеген журналистер марапатталды

Ел бірлігін дәріптеген журналистер марапатталды
13.11.2019 19:14 2796

Бүгін елордада Қазақстан халқы Ассамблеясы ел татулығы мен мемлекет тұтастығын дәріптеген медиа саласының қызметкерлеріне құрмет көрсетіп, марапат ұсынды. Жыл сайынғы дәстүрлі «Шаңырақ» байқауының қорытындысы «БАҚ және қоғамдық келісім» IV халықаралық медиафорум аясында шығарылды.

Ел бірлігін дәріптеген журналистер марапатталды

Аталмыш шараға Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан мемлекеттерінен арнайы халықаралық БАҚ саласының сарапшылары мен шолушылары ат терлетіп келген болатын. Форумға сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев, ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, ҚХА мүшелері, республикалық және аймақтық ақпарат құралдарының басшылары қатысты.

Ел бірлігін дәріптеген журналистер марапатталды

Форумның ашылу салтанатында Жансейіт Қансейітұлы Ассамблея жанындағы Журналистер Клубының жаңа төрайымы болып сайланған «Kazakh TV» ұлттық телеарнасының директоры Майя Бекбаеваны таныстырды.

Ел бірлігін дәріптеген журналистер марапатталды

«Бүгінгі форумның күн тәртібіндегі басты мәселе – қоғамдағы тұрақтылық пен этносаралық келісім, әлеуметтік бірлікті нығайтуда журналистер қауымы алдында тұрған міндеттерді ортаға салу. Тұңғыш Президент, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Ассамблеяның қызметін тұрақты түрде ақпараттық қолдау туралы арнайы тапсырмасы бар. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауында әлеуметтік және этникалық топтар арасындағы келісімді нығайту туралы тапсырма берген болатын. Осы орайда отандық журналистика үшін қоғамдық келісімді дамыту, арандатушы ақпараттарға қарсы иммунитетті қалыптастыру және қоғам бірлігін сақтау тақырыптары өте маңызды. Сондай-ақ мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мәселесінде де қолына қалам ұстаған ағайынның атқаратын рөлі айрықша», - деген Жансейіт Түймебаев қоғамның ілгері қадам басуы үшін ақпараттар нарығының дұрыс бағытта дамуы маңызды екенін айтты.

Ел бірлігін дәріптеген журналистер марапатталды

Сондай-ақ, ол Ассамблеяға жүктелген міндеттер мен мақсаттарды да саралап өтті. «Қазіргі ақпарат алаңында қалыптасқан тенденцияны ескеруіміз керек. Біріншіден, біз дәстүрлі БАҚ-пен дамуы қарқынды интернет медиа арасында аудитория үшін күрестің бар екенін байқап отырмыз. Медианың жаңа түрлерінің эволюциясы және олардың жедел дамуы дәстүрлі БАҚ-қа бәсекелестік қысым танытуда. Әлеуметтік медиа мен әлеуметтік желілер коммуникацияның жаңа түрлерін қалыптастырып келеді. Ал көптеген сарапшылар таяу уақытта ақпарат нарығында интернет БАҚ-пен мультитұғырлы БАҚ басымдыққа ие болатындығына сенімділік білдіруде», - деген Жансейіт Қансейітұлы интернет арқылы танымалдылыққа ие болған азаматтық журналистиканың таратқан ақпараты үшін жауапкершілік алмауына және этикалық нормаларды сақтамауына байланысты қынжылыс білдірді.

Ел бірлігін дәріптеген журналистер марапатталды

Сондай-ақ, Ж.Түймебаев ақпарат нарығында тағы бір мәселенің бар екенін жасырмады. Ақпарат құралдарының қоғамдағы кейбір келеңсіз мәселелерді саяси мақсатта пайдалануы және өмірдің шындығын айна-қатесіз көрсетеміз деп, халық арасында жаппай негативті ақпарат таратуы азаматтық дәлелсіз қарсылық тудырады. «Баспасөз және оның позитивті жарияланымы – бұл қоғамда бірлік пен келісімді орнатудың уақытпен сыналған күшті құралы екенін ұмытпауымыз керек», - деді Ж.Түймебаев. Сондай-ақ, әлеуметтік желіде таратылып жатқан ғадауат тілін (жаулық тілі) де айыптайтынын айтты. «Жеккөрушілік пен ашудың дискурсы – бұл сыртқы экстремистік күштердің ақпараттық «қаруы». Олар әсіресе, этносаралық және конфессияаралық қатынастардан от шығаруды көздейді», -деген Жансейіт Қансейітұлы қарапайым қолданушылар арасында ғадауат тілі көбінесе, айтылған сөздің салдарын дұрыс түсінбеуден орын алатынын айтты. Жансейіт Түймебаев ақпарат нарығының әрбір қазақстандықты айналып өтпейтінін тілге тиек етіп, елдің тұрақтылығы мен тыныштығын сақтау үшін мұнда орын алған олқылықтармен күресудің жолын бірге іздеп, түйінін бірлесіп тарқатуға шақырды.

Ел бірлігін дәріптеген журналистер марапатталды

Форумда сондай-ақ, түркиялық «Әуел Отан» газетінің редакторы, халықаралық сарапшы Кемал Саллы, «Хабар» Агенттігі» АҚ-ның Басқарма төрағасы Ерлан Бекхожин, Әзербайжаннан келген Баку славян университетінің профессоры Нурида Наурызова, «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінің бас директоры Асқар Омаров, Өзбекстаннан келген Бердах атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университетінің профессоры Шамшет Абдиназимов сөз сөйлеп, ақпарат нарығына қатысты өз пікірлерін ортаға салды.

Сондай-ақ, медиафорум аясында «Ассамблеяның бір жылы» атты фотокөрме де ұйымдастырылған болатын.

Ел бірлігін дәріптеген журналистер марапатталды

Форум соңында мемлекет саясатын ақпараттық тұрғыдан қолдауға, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін насихаттауға үлес қосқан журналистерді қолдау мақсатында дәстүрлі «Шаңырақ» республикалық байқауының жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Нәтижесінде, 1 орынға «Хабар-24» телеарнасының жаңалықтар бөлімінің тілшісі Ақсәуле Байменшина, «Казахстанская правда» газетінің тілшісі Юлия Магер, «Қазақпарат» халықаралық агенттігінің сарапшысы Руслан Ғаббасов ие болып, 350 000 теңге көлеміндегі сертификатпен марапатталды. Ал 2 орынға халықаралық «Түркістан» газетінің тілшісі Елдос Тоқтарбай, «Қазақстан» ұлттық арнасының арнайы тілшісі Асима Бұқарбаева, «Kazakh TV» ұлттық телеарнасының тілшісі Зарина Асанова лайықты деп танылып, 250 000 теңге көлеміндегі сертификаттарға ие болды. 3 орынды «Қазақ радиолары» ЖШС-нің редактор-жүргізушісі Альмира Елімсары, «Қазконтент» АҚ-ы assembly.kz порталының бас редакторы Руслан Беген, tazael.kz сайтының меншікті тілшісі Бейбіт Оспан қанжығалады. Оларға 150 000 теңгенің сертификаты табыс етілді.

Ел бірлігін дәріптеген журналистер марапатталды

Ел бірлігін дәріптеген журналистер марапатталды

Жансейіт Қансейітұлы Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан қазақ баспасөзінің қара шаңырағы болып саналатын «Егемен Қазақстан» газетінің 100 жылдық мерейтойына орай, редакцияға арнайы жүлде ретінде 500 000 теңгеге сертификат ұсынды.

Ел бірлігін дәріптеген журналистер марапатталды

Және халықтар достығы мен мемлекетаралық татулықты дәріптеген Түркиядан келген халықаралық сарапшы Кемал Саллы, Әзербайжаннан келген профессор Нурида Наурызова, Өзбекстаннан келген профессор Шамшет Абдиназимовты Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалімен» марапаттады.

Ел бірлігін дәріптеген журналистер марапатталды

Ел бірлігін дәріптеген журналистер марапатталды

Бөлісу:


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады.



Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға