Жаңалықтар

Ел басына күн туса, Қарулы Күштеріміз сақадай сай – Қарулы Күштер Бас штабы

Ел басына күн туса, Қарулы Күштеріміз сақадай сай – Қарулы Күштер Бас штабы
Фото: © СЦК 25.04.2023 12:51 1221

Қарулы Күштері Бас штабы Жедел жоспарлау департаменті бастығының орынбасары полковник Дәурен Абдуллин азаматтардың Қарулы Күштеріміздің қандай мүмкіншілігі бар деген сауалды жиі қоятынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ол бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен «Әскерлерді даярлаудағы жаңа тәсілдер» тақырыбындағы баспасөз мәслихатында айтты.

«Күмәнді біраз сейілту үшін бүгінгі қарастыратын мәселе бұл әскерлердің даярлығын ұйымдастырудағы жаңа бастамалар және Қарулы Күштерде өткен оқу-жаттығулар туралы болмақ. Соңғы екі жылда біздер Қарулы Күштерінің құрылысы және дамуы бойынша үлкен жұмыстар атқардық. Жаңа мемлекеттік жоспарлауға сәйкес әскери қаупсіздік саласы жөніндегі құжаттар қайта әзірленді. Мемлекет басшысымен Қарулы Күштерінің даму тұжырымдамасы бекітілді. Әскери доктринаны қайта жандандыру жұмыстары жүргізілді. Қарулы Күштерінің құрылымы жетілдірілуде, өңірлік қолбасшылық пен Десанттық-шабуылдау әскерлерінің жауапты аймақтары нақтыланды», - деді ол.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысы тапсырмасымен қарулы күштердің әзірлігін арттыру бойынша тапсырма берілді. Сондай-ақ полковник Дәурен Абдуллин дағдарысты жою және оның алдын алу үшін негізгі құрал ретінде АОК құру жалғасуда екенін тілге тиек етті.


«Урбанизацияланған жерлердегі іс-қимылға бейімделген бөлімшелерді құру жоспарланған. Десанттық-шабуылдау әскерлерінің жауынгерлік мүмкіншілігін арттыру шаралары өзекті. Жүзеге асырылған іс-шаралар, тез және батыл іс-қимылдарда десанттардың «Әмбебап» құрал ретіндегі рөлін арттыруға мүмкіндік берді. Стратегиялық бағыттардағы дербес топтар құру жалғасуда. Бұл жұмыс шекарашылар мен ұлттық ұлан және ТЖМ құтқарушы компоненттерін дамуымен тығыз жүргізілуде. Қазіргі таңда, бірде бір қарулы қақтығыс ҰҰА қолдануынсыз өтпейтініне көз жеткізіп отырмыз. Осы перспективалық бағытты дамыту мақсатында, біздер Бас штабта Ұшқышсыз авиациялық кешенін дамыту департаментін құрдық», - деді ол.


Оның айтуынша, армияны қайта құруға бірқатар қадамдар жасалуда. Ол сондай-ақ процесстің күрделі екенін айтты.

 

«Өткізілетін іс- шаралардың тиімділігі көбінесе Мемлекетіміздің экономикалық жағдайымен және мүмкіншілігімен айқындалады. Қазіргі таңдағы негізгі тапсырма – Қарулы Күштеріміз қарсыластың кеңінен қолданатын дәстүрлі немесе гибридтық әдістерімен күрес жүргізетін әртүрлі ауқымдағы әскери қақтығыстарда мемлекетіміздің мүдделерін қорғауға әзір болуы», - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға