Ел азаматтарына жаңа ЭЦҚ беріледі
Фото: ©pixabay.com
Фото: ©pixabay.com
04.05.2024 17:00
631
Енді барлық мемлекеттік қызмет үшін бірыңғай электронды цифрлық қолтаңба енгізіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Цифрлық қолтаңбаны алу, сақтау және пайдалану процедурасын жеңілдету үшін екі кілттің орнына бір кілт беру туралы шешім қабылданған.
eGov порталының Telegram-арнасында жеке және заңды тұлғаларға МемСТ алгоритмі негізінде бір кілт беріледі, ол авторизациялау үшін де, қол қою үшін де қолданылатыны туралы айтылды.
Бұрын шығарылған электронды цифрлық қолтаңбалар жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін жарамды болады. Электронды қолтаңбаның жаңа ГОСТ 2015 стандартын мобильді қосымшада пайдалану үшін eGov Mobile қосымшасын жаңартсаңыз жеткілікті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда жас жігіт есірткіге мас күйде көлік ұрлап кеткен
Келесі жаңалық
Ұлттық ұлан әскері жас сарбаздармен толықты