Жаңалықтар

Ел аумағында балаларға қатысты жасалатын қылмыс азаймай тұр

Былтырмен салыстырғанда 32 пайызға көбейген
Ел аумағында балаларға қатысты жасалатын қылмыс азаймай тұр
Фото: www.uralskweek.kz 23.02.2023 05:08 1436

Биыл қаңтар айында елімізде кәмелетке толмағандарға қатысты 227 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, деп хабарлайды El.kz Ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл өткен жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 32%-ға көп.

2022 жылдың осы кезеңінде саладағы құқық бұзушылықтар саны жылына 32,8%-ға азайып, 172 болған.

Өңірлер бойынша мұндай құқық бұзушылықтардың басым бөлігі Алматы облысында жасалған: бір жыл бұрын 18 іс болса, енді 25-ке жеткен.

Одан кейін Алматы қаласы (23 іс, 2022 жылы 8) және Түркістан облысы (19 іс, бір жыл бұрын 20). Атырау мен Жамбыл облыстары да қалыспайды.

Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтардың ең азы Ұлытау және Абай облыстарында тіркелген.  

Баптар бойынша статистика тіптен қорқынышты. Мәселен, «Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы басқа да әрекеттер» бабы бойынша бір жыл бұрын 25 іс болса, қазір 45 іске жеткен. «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» - 24 іс, «Зорлау» және «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» баптары бойынша әрқайсысы 20 іс тіркелді, - делінген жазбада.

Көбіне кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар жеке адамға қарсы жасалған: 137 іс – 2022 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 18,1% көп. Сондай-ақ секторда меншікке қарсы 33 құқық бұзушылық, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы 17 құқық бұзушылық, көлікте 17 құқық бұзушылық және отбасына қарсы 12 құқық бұзушылық жасалған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға