Жаңалықтар

Ел аумағында 6 мыңға жуық рұқсат етілмеген қоқыс орны бар

Бұл көрсеткіш былтырмен салыстырғанда біршама азайған
Ел аумағында 6 мыңға жуық рұқсат етілмеген қоқыс орны бар
Фото: gov.kz 30.11.2022 04:09 1322

Биыл республика бойынша рұқсат етілмеген 5 723 қоқыс орны анықталды, деп хабарлайды El.kz Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.

Былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда, анықталған орындар саны 21,9%-ға қысқарды.

Жоғарыда көрінгендей, полигондарды орналастыру орындарының саны жылдан жылға азаюда, бұл қабылданған шаралардың оң көрсеткіші болып табылады. Алайда проблеманың түп-тамырын анықтау мәселенің жартысы. Өз кезегінде, анықталған жерлерді жоюға қатысты көрсеткіштер келесідей:

Қазіргі уақытта анықталған 5 723 полигонның 69,1%-ы жойылды, ал өткен жылы бұл көрсеткіш тек 50%-ға жеткен. Салыстырылған есепті кезең әлі аяқталмағанын ескерсек, биылғы жылдың 69 пайыздық көрсеткіші ұлғаюы мүмкін деп болжауға болады. Демек, осы бағыттағы экологиялық жағдай жақсаруға бейім.

Сонымен қатар, полигондарды жою функциясы жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне кіретінін есте ұстаған жөн. Бұл жұмысты органдар ІІМ және ЖАО-мен бірлескен бұйрық негізінде орындайды.

Төмен көрсеткіштер Ұлытау, Абай және Ақтөбе облыстарында орын алуда. Бұл бағытта қоршаған ортаны қорғау саласындағы бақылау өкілеттіктері берілген Комитет бұл жұмыстарды орындауға жауапты адамдарға қатысты заңда көзделген шараларды қабылдайды.

Мәселен, бір жыл ішінде аудандар мен ауылдық округтердің 86-дан астам әкімі полигондарды жою бойынша тиісті шаралар қабылдамағаны үшін жауапкершілікке тартылды, 7 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға