Эквадорда Ұлыбританияның консулы жоғалып кетті

Фото: © Pixabay.com
Фото: © Pixabay.com
17.12.2023 20:23
1128
Эквадорда Ұлыбританияның Гуаякилдегі құрметті консулы Колин Армстронгты ұрлап кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап.
Агенттіктің жазуына қарағанда ұрлау оқиғасы сенбі күні таңертең Лос-Риос провинциясында болған. Бұл жөнінде Эквадор полициясы X әлеуметтік желісінде (бұрынғы Twitter) жазды.
Бүгін таңертең Лос-Риода болған кәсіпкерге қатысты болжамды қылмысқа байланысты Эквадор полициясының мамандандырылған бөлімшелері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр, - деп хабарлады.
Полиция келтірген мәлімет бойынша, консулмен бірге тағы бір адам ұрланған.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Белгілі дзюдошы Максим Раков лауазымды қызметке тағайындалды
Келесі жаңалық
Алдағы аптада спортшыларымыз қандай жарыстарда бақ сынайды