Жаңалықтар

Экстроверттер мен интроверттер туралы не білеміз?

Психологтар адамдарды жеке тұрпаты бойынша екіге бөледі: экстраверттер мен интроверттер.
09.01.2015 05:33 12702

http://www.whiteboardconsulting.ca/2014/08/22/how-an-extrovert-became-introverted/

Психологтар адамдарды жеке тұрпаты бойынша екіге бөледі: экстраверттер мен интроверттер. 

Экстроверт – адам тұрпатының (немесе мінезінің) қоршаған ортаға бағдарланған тұрпаты.

Интроверт – адам тұрпатының (немесе мінезінің) өз-өзіне бағдарланған тұрпаты.

Экстраверттерге тән мінез сипаттамалары:

  • адамдармен қарым-қатынасқа ұмтылу;
  • қоршаған ортаның назарын қажет етеді;
  • бұқара алдында сөйлеу;
  • адамға толы іс-шараларға қатысқанды ұнатады.

Экстраверт жақсы тамада, ұйымдастырушы, шенеунік, басқарушы, әртіс болуы мүмкін.

Ал интроверттерге келер болсақ, оларды жалғыздықпен (қолайлы жағдайда), ішкі толғанумен, шығармашылықпен немесе процессті сырттай бақылаумен сипаттауға болады. Интроверт керемет ғалым, зерттеуші, бақылаушы, жазушы немесе жеке кәсіпкер бола алады. Егер экстравертке өзге адамдардың ортасында жүру ыңғайлы болса, интровертке жалғыздықта еңбек ету қолайлы.

Адам тұрпатының мұндай әралуан түрлерінің болуы немен байланысты?

Адамның болмысы оның анатомиялық құрылымынан әлдеқайда күрделірек. Міне сол күрделі механизмнің бір бөлігі – энергетикалық аспект. Адам денесінде болатын процестердің барлығы дерлік энергиямен байланысты болуы мүмкін. Сол себепті энергияны алу формасы адам өмірі мен мінезінің ең маңызды элементі саналады. Әдетте адам энергияны тыныс алу, тамақтану және ұйықтау арқылы алады. Ұйқы кезінде адамның биоөрісі қалпына келеді, өйткені энергияның жұмсалуы азаяды (физикалық дене ұйқы кезінде өте аз қимыл жасайды, тек менталды деңгейде белгілі бір ой қозғалыстары болуы мүмкін, адам күндіз көргендерін түсінде қорытады). Сол ұйқы кезінде үнемделген энергия адамға келесі күні өмір сүруге, еңбек етуге мүмкіндік береді. Осы себепті, біз ұйқыдан кейін өзімізді демалғандай, күш-қуатымыз көбейгендей сезінеміз. Алайда, энергия жинаудың осы түрі барлық адамда бірдей жүзеге аспайды. Экстраверттерге ұйқы кезінде жиналған энергия жеткіліксіз екен. Сол үшін олар толыққанды өмір сүру үшін энергетикалық қуатты қоршаған ортадан іздейді. Экстраверттердің өзге адамдармен тығыз араласуының, бұқара назарын өзіне бұруының негізгі себебі де осы.

Интроверттерге келсек, олар өздерінің энергетикалық қорларын ұйқы кезінде қажетті көлемде жинай алады және бір күн бойы сол энергия арқылы өмір сүре алады. Бұл оларға өш шаруаларымен айналысуға немесе шығармашылық жалғыздықта болуға мүмкіндік береді. Оларда өзге адамдармен сөйлесу, қарым-қатынасқа түсуге деген аса үлкен қажеттілік байқалмайды, жалғыздықта өздерін ыңғайлы сезінеді. 

Мақаланың түпнұсқасы 


Дәурен Омаров

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға