Жаңалықтар

Экстремистік діни материалдарды әлеуметтік желіде жариялағандар жазаланды

Экстремистік діни материалдарды әлеуметтік желіде жариялағандар жазаланды
Фото: © Polisia.kz 14.11.2023 11:09 788

Тыйым салынған діни материалдарды әлеуметтік желіде жариялағандар жазаланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Павлодар қаласының полицейлері интернет-ресурстардың мониторингі барысында павлодарлықтың В Контакте әлеуметтік желісінде, жеке парақшасында еркін қолжетімділікте, Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға тыйым салынған діни мазмұндағы аудиоматериалдарды сақтау және орналастыру фактісін анықтады, өйткені бұл материалдар экстремистік деп танылды және біздің еліміздің аумағында таратуға және насихаттауға тыйым салынған.

Осы факті бойынша ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабы бойынша әкімшілік материал жасалып, шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді. Сот бұзушыға бұқаралық ақпарат құралдарының өнімі тәркіленіп, 14 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салды, – деді Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов.

Айта кетейік, жыл басынан бері Павлодар полицейлері Діни қызмет туралы заңнаманы бұзудың 27 фактісін, оның ішінде белгіленбеген жерлерде діни әдебиеттерді сатудың 5 дерегінің және діни әдебиеттер мен діни мазмұндағы өзге де материалдарды заңсыз сақтағаны және таратқаны үшін 22 фактінің жолын кесті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға