Жаңалықтар

Экспортқа шығарған күнбағыс майының көлемі артты

Экспорт қазірдің өзінде қолда бар ресурстардың 40,1% құрады, ал бір жыл бұрын 20,7% ғана болған еді.
Экспортқа шығарған күнбағыс майының көлемі артты
Фото: stan.kz 07.10.2022 07:19 1108

Елімізде күнбағыс майын өндіру көлемі 36,9% артты. Импорт 18,6% өсіп, 55,6 мың тоннаны құрады, деп хабарлайды El.kz Energyprom ресурсына сілтеме жасап.

2022 жылғы қаңтар-шілдеде отандық компаниялар күнбағыс майына сұранысты 82,8% қамтамасыз етті. 2021 жылғы қаңтар-шілдеде бұл көрсеткіш 80,7% болған еді.

ҚР-дан шығарылған күнбағыс майының экспорты бірден 2,6 есе, 2022 жылғы қаңтар-шілдеде 129,5 мың тоннаға дейін өсті, ал ішкі нарықта сату тек 0,8%, яғни 193,8 мың тоннаға дейін артқан.

Экспорт қазірдің өзінде қолда бар ресурстардың 40,1% құрады, ал бір жыл бұрын 20,7% ғана болған еді.

2022 жылдың қаңтар-тамыз айларында ҚР-да 308,5 мың тонна күнбағыс майы өндірілген. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 39,5%-ға көп.

Оның 47%-ы, яғни 145 мың тоннасы тек Шығыс Қазақстан облысына тиесілі. Өндірістің едәуір көлемі Абай облысы мен Шымкентте де байқалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға