Экскаваторымен Каспий теңізіне кірген ақтаулық азамат ұсталды
Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
29.08.2023 15:10
775
28 тамызда Каспий теңізіне экскаватордың кірген видеосы әлеуметтік желіге тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жағдайға қатысты Маңғыстау облыстық полиция департаменті түсінік берді.
Ақтау қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жүргізушінің жеке басын анықтады. 29 жастағы жүргізушіге ҚР ӘҚБтК 593 және 620-баптары бойынша екі әкімшілік хаттама жасалды, - делінген баспасөз мәліметінде.
Сондай-ақ мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша профилактикалық әңгіме жүргізілген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Қостанайда сырғанақ кезінде бес бала ауруханаға түсті