Жаңалықтар

Экс-сенатор Оңалбек Сәпиев бақилық болды

Экс-сенатор Оңалбек Сәпиев бақилық болды
Фото: t.me/prokadrykz 14.07.2024 23:11 1122

Парламенті Сенатының  экс-депутаты Оңалбек Сәпиев 80 жасқа қараған шағында қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Халық қалаулысы 1944 жылы 11 қаңтарда Қызылорда облысында дүниеге келген. Өскемен педагогикалық институтын; жоғары комсомол мектебін және қоғамдық ғылымдар академиясын бітірді. 

Ол алғашқы еңбек жолын шопан болып бастап, кеңшарда жұмыс істеді. Кейін Шығыс Қазақстан облыстық комсомол комитетінің хатшысы, Қызылорда облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Қызылорда облыстық комитетінің нұсқаушысы, Сырдария аудандық атқару комитетінің төрағасы, Жалағаш аудандық комитетінің бірінші хатшысы, Қызылорда облыстық комитетінің хатшысы, әкімшілік басшысы, әкімі қызметтерін атқарды. Сонымен бірге Сырдария ауданы әкімінің кеңесшісі қызметтерін де атқарды. 

Ол бірінші, екінші, үшінші шақырылымда сайланған Парламент Сенатының депутаты, "Нұр Отан" Халықтық-демократиялық партиясының Партиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары (12.2008-07.2012) болып еңбек етті. 

ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға