Жаңалықтар

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаевқа сот үкімі шықты

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаевқа сот үкімі шықты
Фото: ІІМ баспасөз қызметі 08.08.2024 18:14 443

Сот билікті асыра пайдаланды деп айыпталған бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың ісіне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық билікті асыра пайдаланды деп айыпталған экс-министрге қатысты қылмыстық істі қарады (ҚР ҚК 362-бабының 4-бөлігі). Сот жабық өтті.

Сотталушы кінәсін толық мойындап, шын жүректен өкініш білдірді. Сот үкімімен экс-министр ҚР ҚК 362-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жылға белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айырыла отырып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

ҚК 49-бабының 2-бөлігіне сәйкес сот Қазақстан Республикасының Президентіне арнаулы атақтан және мемлекеттік наградалардан айыруға ұсыныс енгізу туралы шешім қабылдады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға