Жаңалықтар

Экс-мәжілісмен су тасқынынан кейін қалаға көшкісі келетіндерге қамқорлық көрсетуге дайын екенін айтты

Экс-мәжілісмен су тасқынынан кейін қалаға көшкісі келетіндерге қамқорлық көрсетуге дайын екенін айтты
Фото: Видеодан кадр 16.04.2024 20:41 671

Парламент Мәжілісінің бұрынғы депутаты, «АгромашХолдингKZ» АҚ президенті Динара Шүкіжанова су тасқынынан кейін қалаға қоныс аударғысы келетіндерға қамқорлық көрсетуге дайын, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақорда жазуынша, бұл туралы экс-депутат Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қостанай облысына жасаған сапары кезінде жергілікті кәсіпкерлермен және еріктілермен кездесуі кезінде айтты.

Динара Шүкіжанова су тасқынынан кейін қалаға қоныс аударғысы келетін адамдарды техникалық мамандықтарға оқытып, олардың жаңа ортаға бейімделуіне жан-жақты қамқорлық көрсетуге дайын екенін айтты,-делінген Ақорда мәліметінде.

Айта кетсек, аталған кездесуде Қостанайдағы «Аян-озат» ЖШС директоры Валерий Розумович қиын-қыстау кезеңде өңір кәсіпкерлері халыққа барынша жәрдем бергенін айтты. Ал Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық филиалының қызметкері Айбек Танатбаев су тасқынының салдарымен күресте еріктілердің еңбегі ерен екенін атап өтті. 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға