Жаңалықтар

Экс-депутат Мәди Ахметов жаңа қызметке тағайындалды

Экс-депутат Мәди Ахметов жаңа қызметке тағайындалды
Фото: t.me/mazhilis_kz 25.12.2023 11:13 1874

Бұрынғы мәжіліс депутаты Мәди Ахметов Алматы облысының жастар саясаты басқармасының басшысы болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәди Ахметов 2019 жылдың жазында танымал болды. Қазақстанның экс-президентімен кездесуінде ол Алматыдағы аттас даңғылға Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткішін орнату туралы «елдің барша жастарының ұсынысын» қолдауды сұрады. Ахметовтің бұл бастаманы бүкіл қазақстандық жастардың атынан көтергеніне жұртшылық наразы болды.

2020 жылдың қараша айында Мәди Ахметов биліктегі «Нұр Отан» (қазіргі АМАНАТ) партиясынан кандидаттардың партиялық тізіміне енгізілгені белгілі болды. 2021 жылдың қаңтарында ол мәжіліс депутаты болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға