Жаңалықтар

Екпе алмаған балаларды балабақшаға кіргізбей ме

Екпе алмаған балаларды балабақшаға кіргізбей ме
Фото: © Pixabay.com 28.11.2023 14:30 2168

Әлеуметтік желіде екпе алмаған балаларды балабақшаға кіргізбейді деген ақпарат тараған еді. Бұған қатысты Үкіметте өткен брифингте Денсаулық сақтау министрлігі комитетінің өкілі жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басшысы Нұрқан Сәдуақасов Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан балаларды қабылдауға шектеу қою туралы мұндай қаулы жоғын айтты.

Бізде бар бұйрық бойынша бір топтағы екпе алмаған балалардың үлесі 10 пайыздан аспауы керек. Бұл шешім 2020 жылы "Халық денсаулығы туралы" кодексті жүзеге асыру аясында қабылданған. Сол кезден бастап ешқандай өзгерістер енгізілген жоқ, яғни ол ақарат жалған, - деді ол.

Денсаулық сақтау министрлігі қызылша ауруына қатысты қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты қазақстандық балабақшалар мен мектептерде карантин енгізілмейтінін де айта кетті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға