Жаңалықтар

Экономикалық тергеу департаменті жастарға қаржылық қылмыстардың алдын алу жолдарын түсіндірді

Экономикалық тергеу департаменті жастарға қаржылық қылмыстардың алдын алу жолдарын түсіндірді
Фото: Түрксіб ауданы коммьюнити орталығы 14.03.2025 17:30 133

Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілдері «Заң және тәртіп» іс-шаралары аясында Алматы қаласының Жетісу және Түрксіб аудандарының жастарымен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қаласының коммьюнити  орталықтарында Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлерінің Жетісу және Түрксіб аудандарының жастарымен кездесуі ұйымдастырылды. Іс-шараның басты тақырыбы қаржылық қылмыстардың алдын алу механизмдерін түсіндіру және азаматтарды алаяқтық схемалардан қорғау болды.

Кездесу барысында департамент өкілдері қаржылық қылмыстар, оларды анықтау және алдын алу әдістері туралы жан-жақты баяндады. Әсіресе келесі өзекті мәселелерге ерекше назар аударылды:

Дропперлер деген кім? Қатысушыларға алаяқтардың адамдарды заңсыз қаржылық схемаларға қалай тартатыны, олардың банк шоттарын пайдалану жолдары және мұның қандай салдарға әкелуі мүмкін екені түсіндірілді.

Лудоманияға қарсы іс-қимыл. Сарапшылар ойын тәуелділігінің қаупі, оның адамның қаржылық және психологиялық жағдайына әсері, сондай-ақ алдын алу шаралары туралы айтты.

Қаржылық пирамидалар. Жастарға заңсыз қаржылық схемалардың белгілері түсіндіріліп, алаяқтардың құрбаны болмау үшін қандай сақтық шараларын қолдану керектігі бойынша кеңестер берілді.

Осындай кездесулердің мақсаты – жастардың қаржылық сауаттылығын және құқықтық хабардарлығын арттыру, сондай-ақ жеке қаржыға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру. Экономикалық тергеу департаменті азаматтарды ақпараттандыру бойынша белсенді жұмысын жалғастыруда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға