Экономика бойынша Нобель сыйлығының иегерлері анықталды
Экономика бойынша биылғы Нобель сыйлығы американдық үш ғалымға бұйырды, деп хабарлайды El.kz BBC-ге сілтеме жасап.
Экономика бойынша Нобель сыйлығы үш америкалық ғалым – Брукингс институтының профессоры Бен Бернанкке, Чикаго университетінің Дуглас Даймондқа және Сент-Люис университетінің Филип Дибвигке банк саласын және қаржылық дағдарыстардың себептері мен салдарын зерттегені үшін берілді.
Нобель комитеті бұл жаңалық адамзатқа қоғамдағы күрделі процестерді түсінуге және жалпы үйлесімділік пен өркендеудің ең қысқа жолын табуға көмектесті деп есептеді.
Нобель сыйлығы – ғылыми зерттеулерге, революциялық өнертабыстарға немесе мәдениет пен қоғамға қосқан үлесі үшін жыл сайын берілетін ең беделді халықаралық сыйлықтардың бірі. Бұл сыйлық биылғы соңғы Нобель сыйлығы және жеңімпаздарға 10 миллион швед кроны (1,14 миллион доллар) беріледі.