Жаңалықтар

Екінші рет мас халде рөлге отырған жүргізуші оңбай ұсталды

Екінші рет мас халде рөлге отырған жүргізуші оңбай ұсталды
Фото: ТО ПД баспасөз қызметі 03.01.2024 21:42 6569

Түркістан облысы Отырар ауданында масаң күйде көлік тізгіндеген ер адам ұсталды. Ол бұған дейін тура осындай халде рөлге отырып, көлік жүргізу құқығынан айырылған екен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Полицейлер күнделікті қызмет атқару барысында жүрісі күдік тудырған «ВАЗ» маркалы автокөлікті тоқтатқан. Жүргізушінің құжаттарын тексеру кезінде оның мас күйіне күдіктенген сақшылар ер адамды медициналық куәландырауға жеткізген.

Оқи отырыңыз:

Сараптама қорытындысына сәйкес, автокөлік жүргізушісінің орташа дәрежегі мас халде болғаны анықталды. Белгілі болғандай, 40 жастағы ер адам 2021 жылдың қазан айында сот шешімімен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабы 1-бөлігімен ережені бұзғаны үшін 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылған. 

Жүргізушіге қатысты Қылмыстық кодекстің 346-бабы (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруына жол бермеу)  бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға