Екібастұздағы жылу жүйесі қашан қалпына келеді
![Екібастұздағы жылу жүйесі қашан қалпына келеді Үкімет үйінің баспасөз қызметі](/storage/storage/element/2022/12/05/mainphoto/29707/1200xauto_31QDv0jKK4pRzvNL1mOMDZbwIGlPYT6PbPmEVSVG.jpg)
Фото: Үкімет үйінің баспасөз қызметі
05.12.2022
1331
Екібастұзда 65 білім ошағы бар. Бұл – 21 жалпы білім беретін, үш мамандандырылған және бір жекеменшік мектеп, 6 колледж, 26 балабақша, 3 қосымша білім беру ұйымы және 5 арнайы ұйым.
"Білім беру мекемелерінің жылу жүйесінің жұмысы бақылауда, ешқандай ақау жоқ. Жалпы қала бойынша жылумен қамту жағдайы қалыпқа келгеннен кейін білім беру ұйымдары әдеттегідей жұмыс істей бастайды", - деді Екібастұз қалалық білім бөлімінің басшысы Лаура Дисюпова.
Әзірге мектеп оқушылары мен студенттер қашықтықтан білім алып жатыр. Лаура Дисюпова төтенше жағдайда Екібастұздағы 8 білім беру мекемесінде жылыту пункттері жұмыс істеп тұрғанын атап өтті. Оның 7-уінде жатар орындар бар, олар 620 адамды қабылдай алады.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)