Жаңалықтар

Екібастұздағы ЖЭО-дағы апат: жылу желілерінің зақымдануын іздеу жалғасуда

Екібастұздағы ЖЭО-дағы апат: жылу желілерінің зақымдануын іздеу жалғасуда
Фото: ашық дереккөзден 27.11.2022 15:39 2352

Екібастұз ЖЭО апаттың себебіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ЖЭО мәліметінше, қаладағы жылу желілері тозған, сырттағы ауа температурасының төмендігінен бір уақытта бірнеше желілер істен шығып, желілік су шамадан тыс ағып кеткен. Нәтижесінде,  желілік судың қысымын төмендетуге арналған қорғаныс жұмыс істеп, станцияда төрт қазандық тоқтатылды. Екі резервтік қазандықты іске қосу мүмкін болды. Бірақ барлық қазандықтарды іске қосу және қажетті параметрлерге тек желілердің зақымдануын жойғаннан кейін ғана жетуге болады.  

Қазір жылу электр орталығының барлық бригадалары қала әкімдігінің арнайы қызметтерімен бірлесе отырып, жылу желілерінің зақымдануын тауып, жөндеуге жұмылдырылған, ол үшін қала аудандарын бірінен соң бірі жылу жүйесінен ажыратуда.

Екібастұздағы ЖЭО-дағы апат: жылу желілерінің зақымдануын іздеу жалғасуда

«Құрылған жұмыс штабы анықталған залалды жою үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда. Қаламыздың тұрғындарын тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамын, әсіресе, әлеуметтік желілерде түрлі инсуациялар бар. Мен үйлерді босату шаралары қабылданбауын сұраймын, өйткені қазір температура параметрлерін арттыру шаралары жүргізілуде: бізде от жағуға арналған қосымша қазандық бар, жақын арада біз бұл температура параметрлерін көтереміз. Біз зақымданған жекелеген проблемалық аймақтар бойынша біз қызмет көрсетуші ұйымдармен бірге ішкі жылу жүйелеріне, жалпы инженерлік жүйелерге қатысты бөлек ақпарат береміз, содан кейін нақты шаралар қабылдаймыз. Жеке секторды суық сумен қамтамасыз ету үшін қатып қалу мәселесін болдырмау үшін арна ұйымдастыру қажет», - деді Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин.

Желілерді қалпына келтірген станция қажетті режимде жұмысын жалғастырады және салқындатқыштың параметрлерін қалыпқа келтіру жұмыстарын бастайды.

Сондай-ақ, ЖЭО қаланы көшіру туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтып, тек тексерілген ақпаратқа сенуді сұрады.Қазіргі таңда 4 қазандық жұмыс істеп тұр. Тағы бір қазандық қондырғысын іске қосу және салқындату сұйықтығының параметрлерін арттыру жұмыстары жүргізілуде.

Барлық ресми ақпарат «Екібастұзтеплоэнерго» ЖШС, Екібастұз әкімдігінің, облыс әкімі мен қала әкімінің парақшаларында орналастырылған», - делінген хабарламада.

Еске салайық, 27 қараша күні сағат 01:20-да Екібастұздағы ЖЭО-да №11 қазандық жұмысы тоқтаған болатын. Сағат 01:30-да желілік судың көп шығындалуына байланысты №13, 14, 15 қазандық агрегаттары тоқтап қалды. Қазіргі уақытта №8 және №14 қазандық қондырғылары іске қосылуда. Жөндеу бригадалары ұйымдастырылды. Параметрлер жақын арада қалпына келтіріледі.

Қала, облыс әкімшілігі, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ жағдайды тұрақтандыру үшін барлық қажетті қолдауды көрсетуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға