Екібастұзда жылу мен ыстық су жүйесінен ақау шықты
Екібастұз қаласында жылу желісі мен ыстық су жүйесінен ақау шықты, деп хабарлайды El.kz «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС-на сілтеме жасап.
Соңғы мәліметтер бойынша, станциядан шыққан кездегі желілік судың температурасы 9,2/2.0 кг/см2 қысым кезінде 46 градусты көрсеткен.
Станцияда №№ 6,9,14,15 нөмірлі төрт қазандық агрегаты жұмыс істеп тұр. Жақын тәулікте тағы да екі №№ 5, 11 қазандықты іске қосамыз. Ол температураны 65 градустан жоғары көтеруге мүмкіндік береді. Дүйсенбіде жөндеуден соң №12 қазандық іске қосылады, - делінген компания таратқан хабарламада.
Станция қызметкерлері тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.
Еске салайық, 18 ақпанда Екібастұздағы жылу орталығында апат орын алды. Кәсіпорын жұмысын уақытша тоқтатқан болатын.