Жаңалықтар

Екібастұзда полиция қызметкеріне қарсылық көрсеткен тұрғындарға қатысты іс қозғалды

Желіде тараған екі мас пен полицейдің төбелесіне қатысты ресми түсініктеме берілді
Екібастұзда полиция қызметкеріне қарсылық көрсеткен тұрғындарға қатысты іс қозғалды
Фото: polisia.kz 30.04.2023 16:35 1119

22 сәуір күні сағат 17:20-да Екібастұз қаласының полициясына Пішенбаев көшесіндегі дүкеннің жанында мас күйдегі адамдар ішімдік ішіп жүргені туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап. 

Полицейлер келген кезде дерек расталды. Шынымен де дүкен маңында 34 жастағы ер адам мен 32 жастағы әйел адам болған. Осыған байланысты полицейлер аталған азаматтарды уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізу туралы шешім қабылдады.

Олар полицейлердің заңды талаптарына бағынбай қарсылық көрсеткен. Жағдай барысында полицейлердің нысанды киім-кешектері мен қызметтік көлік құралдары зақымданған.

Медициналық куәландыру нәтижелері бойынша ұсталғандар “орташа” дәрежелі алкогольдік масаң күйде болған. Барлығы уақытша бейімделу және детоксикация орталығына орналастырылды. 

Азаматтар ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық қолдану дерегі бойынша ҚР ҚК-нің 380-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға