Екібастұзда көшені ыстық су басты
Көше бойында ыстық су ағып жатқаны түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Бұл туралы Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желі қолданушылары «Ыстық судың қайда кетіп жатқаны енді түсінікті болды. Құжат бойынша бізге ыстық су берілген», «Ыстық су көздері. Шипажай аймағы» деп жазады.
Екібастұз қаласы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, 18 мамыр күні сағат 06:30-да Мәшһүр Жүсіп көшесі бойындағы диаметрі 820 мм №2 жылу магистралінің жөндеу жүріп жатқан учаскесіндегі бекіткіште ақау анықталған.
– Қазіргі таңда учаске өшірілген. Ақауды жою бойынша жұмыстар жүргізілуде. «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС жұмысшылары жұмыс істеуде, – дейді әкімдікте.
Мердігерлік ұйым бүгін сағат 14:00-ге дейін жағдайы реттеуді жоспарлап отыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram