Екібастұзда ірі сауда үйінің аспалы төбесі опырылып түсті

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
16.02.2025 19:26
571
Екібастұзда М.Әуезов көшесі бойында орналасқан көпке белгілі ірі сауда үйінің аспалы төбесі опырылып түсті. Оқиға бүгін 16 ақпанда болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сауда үйіндегі оқыс жағдайдың видеосы Telegram-арналардың бірінде пайда болды.
Павлодар облыстық ТЖД 6- ӨСБ бастығының орынбасары Асхат Амангелдиевтің айтуынша, 150 шаршы метр алаңдағы аспалы төбе опырылып түскен. Оқиға орнында шұғыл қызметтер жұмыс істеуде.
Зардап шеккендер жоқ.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Ауа райына байланысты екі өңірде жолдар жабылды
Келесі жаңалық
Алматы облысында ауыл баласы ҰБТ-дан 140 балла жинады