Екібастұзда электр жылытқышынан тоқ соққан ерлі-зайыпты қайтыс болды
Бұл туралы Polisia.kz мәлім етті
13 ақпан күні Екібастұз қаласының тұрғынынан Бұқар Жырау көшесі мекенжайы бойынша жылыту радиаторларының зақымдануына байланысты тұрғын үй-жайды су басқаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Шақыртуды пысықтау барысында жеке тұрғын үйден 1959 жылғы ер адамның және 1965 жылғы әйелдің зорлық-зомбылық белгілерінсіз мәйіттері табылды.
Тексеру кезінде қонақ бөлмесінде еденде ашық сымдары бар электр жылытқышы бар екендігі анықталды.
Бұл факті Екібастұз қаласының ПБ-да тіркелді.
14 ақпанда Павлодар облысы бойынша Екібастұз-Баянауыл АА ССИ мәйіттерді сот-медициналық зерттеу қорытындысы бойынша алдын ала "Техникалық электротоғымен зақымдану" диагнозы қойылды.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады.
