Екібастұзда екі көлік соқтығысып, жүргізуші ауруханаға түсті

Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ
28.06.2023 08:25
1002
Апат салдарынан жүргізуші зардап шекті. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 17:00 шамасында Пішембаев – Қазбек Нұралин көшелерінің қиылысында Mitsubishi көлігі мен «Газель» автокөлігі жол апатына ұшыраған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан 44 жастағы «Газель» автокөлігінің жүргізушісі жарақат алды. Қазіргі уақытта ол ауруханаға жатқызылды, - деді департаментте.
Автомашиналар мамандандырылған тұраққа қойылды. Тергеу жұмыстары жүргізілуде, сараптама тағайындалды.
Бөлісу:
