«Екібастұзда әкімдік ғимаратына мина қойылды»: Телефон терроры ұсталды
Жалған ақпарат беруші бұған дейін осындай қылмысы үшін істі болған
Екібастұзда әкімдік ғимаратына мина қойылғандығы туралы жалған ақпарат таратқан телефон терроры ұсталды, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
6 желтоқсан күні сағат 20.30-да Екібастұз полициясына әкімдік ғимаратына бомба салынғаны туралы хабарлама келіп түскен.
Оқиға орнына дереу барлық қызметтер жіберілді. Жедел-тергеу тобының қызметкерлері әкімдік ғимаратында тексеру жүргізді. Тексеру кезінде ғимаратта 3 қызметкер болды, эвакуация жүргізілді. Жарылғыш заттар ғимаратта ешқандай күдікті және жарылғыш құрылғыларды таппады. Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 273-бабы «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу нәтижесінде полиция күдікті – Екібастұз қаласының тұрғынын ұстады. Өз кінәсін мойындады, - деді Екібастұз қаласы ПБ бастығы Қайыржан Шақарғалиев.
Полиция күдіктінің 2019 жылы осындай қылмыс жасағаны үшін сотталғанын атап өтті.
