Жаңалықтар

Екібастұзда 26 көпқабатты үй мен мектептер жылуға жарымай отыр

Қаланы жылытуды облыс әкімі өз бақылауына алды
Екібастұзда 26 көпқабатты үй мен мектептер жылуға жарымай отыр
Фото: egemen.kz 15.02.2023 05:20 939

Екібастұзда 26 көпқабатты үй мен мектептер жылуға жарымай отыр, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.  

Екібастұзға жұмыс сапары барысында облыс әкімі тұрғын үйлер мен бірқатар білім беру нысандарын аралады.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, Екібастұз ЖЭО оңтайлы параметрлерге шығарылғаны белгілі, алты қазандық 74/43 °С температура деңгейінде жылу береді.

Сонымен қатар, қалада «соңғы» деп аталатын 26 көпқабатты үй бар, олар қабылданып жатқан барлық шараларға қарамастан жүйелі түрде жылуға жарымай отыр.

Асайын Байханов осы үйлерді аралап көрді.

Мұнда жылумен жабдықтаудың ішкі жүйелерін баптау басталды.

Жылу беру параметрлерін жақсарту мақсатында «Екібастұзжылуэнергиясы» ЖШС мамандары оларды жуу және шаю жұмысын жүргізеді.

Жұмысты 10 күн ішінде аяқтау жоспарланып отыр.

Осындай жұмыс жекелеген білім мекемелерінде ұйымдастырылған. Бұл мектептер жылынғаннан кейін штаттық режимде жұмысқа қайта оралады.

Кеншілер қаласын жылытуды қалыпқа келтіру Павлодар облысы әкімдігінің ерекше бақылауында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға