Екібастұзда 18 млн теңгенің вейпі тәркіленді
![Екібастұзда 18 млн теңгенің вейпі тәркіленді Екібастұзда 18 млн теңгенің вейпі тәркіленді](/storage/storage/element/2025/02/10/mainphoto/141817/1200xauto_PQl56OscJwxVfMjZcMRarGJjaecg4vuBxtardGp1.jpg)
Екібастұзда полиция 18 млн теңгенің вейпін тәркіледі. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Екібастұзда электронды темекінің заңсыз айналымы тоқтатылып, 2500-ге жуық вейп тәркіленді. Тауар Шешембеков көшесіндегі көпқабатты үйдің пәтерінен табылған. Заңсыз тауардың партиясы кейіннен сатуға арналған. Күдікті танымал мессенджерлер мен әлеуметтік желілердің арналарын қолдана отырып, интернет-дүкен арқылы вейптерді сатқан. Электронды темекіні заңсыз сатып, таратты деген күдікпен 20 жастағы азамат полицияға жеткізілді.
Қазіргі уақытта темекі шекпейтін темекі өнімдерінің, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің), хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, - делінген Павлодар облысының полиция департаменті таратқан мәліметте.
Полиция 2024 жылғы 20 маусымнан бастап Қазақстанда никотинді (вейптерді) және оларға арналған сұйықтықтарды тұтынудың электрондық жүйелерінің айналымына тыйым салатын заң күшіне енгенін еске салады.
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)