Екібастұзда 11 үйге жылу беру уақытша тоқтатылады
Екібастұз қаласында 11 үйге жылу беру уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды El.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Екібастұзда жылу берілетін жабдықтау параметрлерін тұрақтандыру және жылу желілерін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары әлі аяқталған жоқ.
⠀18 қаңтарда келесі жөндеу жұмыстары жоспарланған: Павлов көшесі, 80-үйден Безымянный көшесіне дейінгі учаскедегі жылу желісіне қосу, осыған байланысты сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін 7 жеке тұрғын үйді жылумен жабдықтаудан ажырату жоспарлануда. Қонаев көшесі, 138-үй бағытындағы орамішілік жылу желісі учаскесіндегі жерасты төсеміндегі зақымдануды жою, осыған байланысты сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін 4 көпқабатты тұрғын үй мен 1 заңды тұлғаны жылумен жабдықталмайды, - делінген қала әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Еске сала кетейік, былтыр 27 қарашада Екібастұздағы жылу электр орталығында апат болып, қала халқы жылусыз қалған болатын.