Екібастұз ЖЭО-да бес қазандық агрегаты жұмыс істеп тұр
9, 11,12, 14 және 15 нөмірлі қазандық агрегаттары жұмыс істеуде
ЖЭО-да бес қазандық агрегаты жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
«Екібастұзжылуэнерго» ЖШС бас директорының міндетін атқарушы Дмитрий Захаров 8 қаңтар, жексенбі күнгі жылумен жабдықтау жағдайы туралы баяндады.
Оның айтуынша, сыртқы ауа температурасы +3 °C, жылу желілерінің температурасы 78 °C, кері айналым 56 °C құрайды.
Жылу желілері бойынша анықталған зақымдарды қоспағанда, бүгінде орамішілік және магистральдық желілерді ажырату жоспарланбаған, – деді Дмитрий Захаров. – Жылу тасымалдағыштың шығыны – 12522 тонна, жылу желілерін толтыру – 470 тонна.
9, 11,12, 14 және 15 нөмірлі қазандық агрегаттары жұмыс істеп тұр, қалғандарында регламенттік және жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.
Естеріңізге сала кетейік, 7 қаңтарға қараған түні Екібастұз ЖЭО-да штаттан тыс жағдай орын алды. Жұмыс істеп тұрған алты агрегаттың үшеуі кезекпен тоқтатылды. Станцияның жөндеу бригадасы жағдайды жедел пысықтап, таңертең олардың екеуін іске қосты. Қалада тоғыз қазандық агрегаты іске қосылады.
