Жаңалықтар

Екібастұз тұрғындарына өтемақы төленеді

Бұл туралы Pavlodarnews.kz мәлім етті
Екібастұз тұрғындарына өтемақы төленеді
Фото: Pavlodarnews.kz 29.11.2022 17:21 1441

Екібастұз қаласының аумағында техногендік сипаттағы ТЖ режимін енгізу нәтижесінде қала әкімі ыстық тамақпен және демалыс орындарымен қамтамасыз ете отырып, жылыту пункттерін ұйымдастыруда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

– Екібастұз қаласы әкімдігінің мәліметінше, төтенше жағдай кезінде шығынға ұшыраған азаматтар қала әкімінің атына еркін нысандағы өтінішпен жүгінеді. Өтініште өтініш берушінің деректемелері (жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі), нақты тұрғылықты жерінің мекенжайы,  зақымдану себебі көрсетілуі тиіс. Өтініштерді тіркегеннен кейін әкімдік тұрғын үйге залалды одан әрі өтеу үшін анықтаумен комиссиялық тексеру жүргізеді, – дейді әкімдікте. 

Өтініштер күн сайын сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін мына мекенжайлар бойынша жылыту пунктілерінде қабылданады:

1) № 17 орта мектеп – Рабочая көшесі, 1;
2) № 4 орта мектеп – Абай көшесі, 84;
3) № 23 орта мектеп – Сәтбаев көшесі, 24;
4) № 36 орта мектеп – Сәтбаев көшесі, 23;
5) № 22 орта мектеп – Әуезов көшесі, 54а;
6) № 21 орта мектеп – Петренко көшесі, 7;
7) «Өнер» МКК – Әуезов көшесі, 62а;
9) Музыкалық мектеп – Әуезов көшесі, 55/1.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға