Екібастұз МАЭС-2 жаңғырту кезіндегі жымқыру: 1 млрд теңгеге жуық шығын келтірілген

Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ
16.02.2024 10:43
868
Павлодар облысының прокуратурасы «Екібастұз МАЭС-2» АҚ-ны тексеру барысында үшінші энергоблокты орнатумен жылу электр станциясын кеңейтуге және реконструкциялауға арналған қаражатты ысырап ету фактілерін анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Расталмаған жұмыстардың көлемі шамамен 1 млрд теңгені құрады.
ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы (аса ірі мөлшерде мүлікті жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде қылмыстың барлық мән-жайларын, залалдың түпкілікті сомасын және оған қатысы бар адамдар тобын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізілуде.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
«Тастаймын-ау сені». Дариға Бадықова тағы кино түсіріп жатыр
Келесі жаңалық
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шаралар басталды