Екі елдің ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова және Болгария Республикасы Аймақтарды дамыту мен көріктендіру Министрі Лиляна Павлованың басшылығымен Қазақстан-Болгар экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның IV отырысы өтті.
Шараға ҚР Бас прокуратурасының, ұлттық экономика, инвестициялар мен даму, ақпарат және коммуникация, сыртқы істер, мәдениет және спорт, білім және ғылым, ауылшаруашылық, энергетика министрліктерінің, Қазақстанның сыртқы сауда палатасы, «Kaznex Invest» экспорт пен инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ, «Астана Экспо-2017» ұлттық компаниясының өкілдері қатысты.
Болгария ресми делегациясының құрамына экономика, энергетика, туризм, транспорт, ақпараттық технологиялар мен байланыс, ауыл шаруашылығы мен азық-түлік министрлігінің өкілдері, Халықтық жиналыс депутаттары кірді.
«Еліміз тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап Қазақстан мен Болгария елдерінің арасындағы өзара мүдделер ескеріле отырып және сенімге негізделген тұрақты конструктивті қарым-қатынас орнады. Қазақстан Балқан түбегі мен Қаратеңіз аймағындағы негізгі әріптестердің бірі ретінде Болгариямен ынтымақтастықты дамытуға зор мән береді. Аталған уақыт аралығында біз екіжақты қарым-қатынастың барлық бағыттары бойынша айтарлықтар үрдіске сонымен қатар, халықаралық ұйымдар шеңберінде тиімді өзара серіктестікке қол жеткіздік.
Экономикалық ынтымақтастық саласындағы біздің үкіметаралық комиссияның рөлін ерекше атап айтқым келеді. Комиссия жұмысының нәтижесінде ынтымақтастықтың перспективті бағыттары айқындалып, түйінді мәселелер шешіліп келеді, екі елдің іскерлік ортасында тікелей қарым-қатынас орнатылуда. Қазақстан мен Болгария арасындағы қарым-қатынастың болашағы кемел. Тараптарға нормативті құқықтық базаны кеңейтіп, сауда айналымын арттыруға бағытталған сауда-экономикалық байланысты әрі қарай дамыту керек», - деді Тамара Дүйсенова.
Отырыста екі елдің өкілдері екіжақты сауда көлемін арттырудың қажеттілігін ескерді. Қазақстан шикізаттық емес сектор өнімдерін Болгарияға экспорттауға қызығушылық танытып отыр. Оның ішінде фармацевтикалық өнімдер, сымдар мен кабельдер, тыңайтқыштар, күнбағыс ұрықтары және жүн Болгарияға импортталатын үздік 30 тауарлық белгілер қатарына жатады.
Болгария Қазақстан нарығына төмендегі тауарларды жеткізу шараларын ұйымдастыруға дайын екенін білдірді: жеміс-жидек пен көкеністерді өңдеуге арналған технологиялық заттар, жиналатын құрылымдар, сұйық заттарға арналған сорғыштар, есептік және есепші қолданатын машиналар, жарық беруші құрылғылар, құрылыс және туристік қызметтер, дәрілік заттар, шашқа, ауыз қуысына арналған препараттар, жиһаз, балташылық заттар, дайын тұздықтар мен тұздықтарға арналған заттар, жеміс шырындары, қатырылған көкеніс қоспалары, консервілер және т.б.
Тараптар үнемі ақпараттық қолдау көрсету мен Қазақстан мен Болгарияда өткізілетін халықаралық жәрмеңкелерге, көрмелерге және тағы басқа шаралар екі елдің өзара іскери ортасының қатысуына ықпалдастық білдіру туралы келісті.
Аймақтарды дамыту, көріктендіру, құрылыс пен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ынтымақтастық аясында тараптар құрылыс материалдары мен тауарлар саласындағы ұлттық стандарттар жайында ақпараттық алмасудағы, сонымен қатар, аймақтарды тұрақты әрі теңгерімді дамыту мәселелеріндегі тәжірибе алмасудағы, энергетикалық тиімділік пен мекемелер, тұрғын үйлердің санациясы, мемлекеттік жеке меншік серіктестік және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырудағы мүдделерді айқындады.
ҚР Президенті айқындаған бес институционалды реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарының 84-қадамы «Мойындалған халықаралық энергосервистік шарттар арқылы энергия үнемдеу саласына стратегиялық инвесторлар тарту» шараларын іске асыру шеңберінде тараптар Қазақстанның нарығына болгарлық энергосервис компанияларын тарту арқылы энергия үнемдеу мен энергияның тиімділігін арттыру саласында өзара серіктестікті кеңейтуге ниет білдіріп отыр.
Екі елдің өкілдері денсаулық сақтау, әлеуметтік даму мен әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы басым бағыттар бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктерін зерделеу туралы келісті. Тараптар денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру мен әлеуметтік даму мәселелерінде, сонымен қатар, әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы келісім шарт-құқықтық базаны жетілдіру енгізу бойынша ең үздік тәжірибелер мен ақпарат алмасу мүдделерін білдірді.
Отырыс барысында екі елдің өкілдері жоғарғы оқу орындары, оның ішінде ЖОО-дарына оқытушылар мен ғылыми қызметкерлерді шақыру аясында білім алушылардың академиялық алмасу бағдарламалары бойынша ынтымақтастықтың жағымды тенденцияларын атап айтты. Тараптар 1999 жылғы 5 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау, білім және спорт министрліктері мен Болгария Республикасының білім және ғылым министрлігі арасындағы білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің шеңберінде өзара ынтымақтастықты әрі қарай жалғастыру туралы келісті.
Ауыл шаруашылығы саласындағы серіктестікті талқылай келе, тараптар келесі бағыттар бойынша ынтымақтастықты дамыту мен жандандыру әлеуетінің зор екендігін ескерді: өсімдіктерді өсіру мен қорғау, ветеринария мен фитосанитария, азық-түлік қауіпсіздігі, мал шаруашылығы және т.б. Комиссия тараптарға ақпарат және тәжірибе алмасудағы ынтымақтастықты жандандыруды, ауыл шаруашылығы мен өңдеуші өндіріс салаларындағы ортақ жобаларды жасау мүмкіндіктерін зерделеуді ұсынды.
Сонымен бірге, тараптар байланыс және ақпараттық технологиялар, транспорт, туризм және спорт салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық танытты.
Отырыс соңында қазақстандық тарап болгар елінің өкілдеріне Астанада өтетін Халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесіне қатысуға байланысты шешім қабылдау үрдісін жылдамдатуды ұсынды.
Тараптар Қазақстан-Болгар экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның V отырысын 2018 жылы София қаласында өткізу туралы келісті.
Керек дерек
Статистикалық мәліметтер бойынша 2015 жылы Қазақстан мен Болгария тауар айналымының көлемі 112,9 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда (95,3 млн. АҚШ доллары) 18,5%-ға артық. Оның ішінде қазақстандық экспорт 80 млн. АҚШ долларын, импорт – 32,9 млн. АҚШ долларын құрады.
2015 жылғы Болгариямен сауда-саттық қатынасындағы Қазақстанның жетекші экспорттық тауарлары: ұшу құрылғылары (37,5%), өңделмеген алюминий (21,6%), кендер мен мыс концентраттары (14,7%), газ (13,9%), мұнай (12,1%), ал қазақстандық импортта: дәрілік заттар (16,9%), есепшілер машиналары, пошталық таңбалау машиналары, билет құрылғылары және есептеуіш құрылғылары бар осы тәріздес машиналар (14,5%), тамақ өнімдері (12,3%), жылқы, есек, қашыр еттері (7,4%), ірі-қара мал еттері (6,8%) бар.
Жансая Төлеген