Жаңалықтар

Екі жасөспірім 9-сынып оқушысын өлтірді деген күдікке ілінді

Екі жасөспірім 9-сынып оқушысын өлтірді деген күдікке ілінді
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ 21.05.2024 10:10 955

Қызылорда облысында 9-сынып оқушысы достарының қолынан қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі жасөспірімнің өлімі туралы ақпаратты растап, кәмелетке толмаған баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Екі жасөспірім күдікті ретінде ұсталып, қамауға алынды, - делінген хабарламада.

Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер айтылмай отыр. Іс Қызылорда облысының полиция департамениі бастығының бақылауында.

Оқиға18 мамырда Қызылорда облысы Шиелі ауданына қарасты ауылдардың бірінде болған. 9 және 11-сынып оқушылары төбелескен. Бір бала ауыр соққыдан есін жоғалтып, құлаған. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға