Екі жасар қызды оңбай күйдіріп алған балабақша тәрбиешісі жұмыстан қуылды
Фото: lada.kz
Фото: lada.kz
03.01.2024 11:30
990
Ақтаудағы балабақшалардың бірінде екі жасар қызды ыстық суға күйдіріп алған тәрбиеші жұмыстан босатылды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Мектепке дейінгі мекеменің өкілі медбике мен тәрбиеші оқыс оқиғадан кейін шұғыл медициналық көмек көрсеткенін айтады.
Кез келген қосымша ақпарат беруге және баланы емдеу кезінде қажет болуы мүмкін көмекті көрсетуге дайынбыз. Балабақша басшылығы баланы емдеуге жұмсалған барлық шығынды өтеуге дайын, - деді меңгеруші.
Қызға гигиеналық процедураларды жүргізген күтуші сол күні жұмыстан шығарылған.
Еске салайық, бұған дейін Ақтауда балабақшада 2 жасар қыз ыстық суға күйіп қалғаны хабарланды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жәнібек Әлімханұлы ерекше бес боксшының тізіміне енді