Жаңалықтар

«Екі рет кездесеміз»: Шаһизада көптен күткен сүйіктісін жолықтырды

«Екі рет кездесеміз»: Шаһизада көптен күткен сүйіктісін жолықтырды
Фото: instagram/shahizada.art 12.03.2024 12:48 10357

Әнші Шаһизада “Махаббатпен сырласу” подкастында жеке өміріндегі соңғы жаңалықты жария етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әншінің өнер жолында жүргеніне 40 жыл толған. Өнер иесі үлкен концерт беріп, махаббат туралы әндер шырқайтынын атап өтті. Сондай-ақ махаббат туралы шырқау үшін сезімнің болуы маңызды екенін де жасырмады.

Өнер адамдарының бәріне махаббат керек. Махаббат болса керемет әндер дүниеге келеді. Өзімді жақсы көретін адам бар. Күнде қасымда болмаса да, аптасына екі рет жолығып тұрамыз. Жұмыс бабымен іс-сапарларға кетеді. Менің де жұмысым тығыз. Сол екі аралықта жолығып, әңгімелесеміз. Бір-бірімізге жылы сөз айтуға тырысамыз. Ет асып, шай-тамағын беремін. Өзімді әйел ретінде сезінемін. Одан басқа ер-азаматқа не керек?! Ең бастысы жалғыз емеспін. Мені жақсы көретін азаматты жолықтырдым, – деді өнер иесі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға