7 шілде күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, 7 шілде, жұма күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.
Тек Ақтөбе және Астана қалаларында ғана ауа сапасы біршама нашарлайды.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Шығыс Қазақстанда Астана күні 23 сәби дүниеге келді
Келесі жаңалық
Ақтөбе облысындағы ауданда мектеп пен балабақша жөнделді