Екі өңірдегі жол учаскесі ашылды
Бұған дейін бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылған болатын
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz
28.02.2023 23:30
1162
Елдегі екі облыстағы көлік қозғалысына қойылған шектеу алынды, деп хабарлайды El.kz «ҚазАвтоЖол» компаниясына сілтеме жасап.
СҚО-да «Көкшетау-Рузаевка» тасжолының Ақмола облысының шекарасы мен Рузаевка ауылы арасында және «Қарасай Батыр мемориалдық кешеніне кіреберіс» 0-24 шқ аралығында қозғалысқа енгізілген шектеу алынды. Ақмола өңірінде Көкшетау қаласынан СҚО шекарасына дейінгі аралықта жол қозғалысына салынған шектеу алынып тасталды, - делінген компания таратқан хабарламада.
Сонымен қатар Ақмола өңірінде Қажымұқан ауылынан Астана қаласына дейінгі «Екатеринбург-Алматы» тасжолының бөлігі ашық.
Бөлісу:
