Жаңалықтар

Екі өгей қызын зорлаған теміртаулық өмір бойына сотталды

Екі өгей қызын зорлаған теміртаулық өмір бойына сотталды
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 26.05.2023 22:19 1961

Теміртауда екі өгей қызын зорлаған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сот анықтағандай, 2021 жылдың қазан айында сотталушы Теміртау қаласында өз пәтерінің қонақ бөлмесінде бола тұра, 2009 жылы туған өгей қызына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған. Одан бөлек, 2021 жылдың қазан айында өз пәтерінің қонақ бөлмесінде 2012 жылы туған екінші өгей қызына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін іске асырған.

ҚК-тің 121-бап 4-бөлімінің санкциясы бойынша 20 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген. Жаза тағайындау кезінде сотталушының өтелмеген соттылығы бар екені және жәбірленуші тараптың пікірі ескерілді. Сотталушының жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жай анықталған жоқ, ал ауырлататын мән-жай ретінде  қылмыстардың қайталануы танылды. Сотталушы айыптың барлық баптары бойынша кінәлі деп танылып, оған түпкілікті өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Тиісті сараптамамен химиялық кастрация жасау қажет деп танылмағандықтан, сотпен аталған шара тағайындалған жоқ, - делінген Қарағанды облыстық сотының ресми хабарламасында.

Соттың қорытындысы растайтын дәлелдерді келтірді. Яғни сотталушының кінәсі жәбірленушілердің және куәлардың айғақтарымен, заттай дәлелдемелермен, сараптама қорытындыларымен, сондай-ақ басқа да іс материалдарымен дәлелденді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға