Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің екі өңірінде жол жабылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
"ҚазАвтоЖол" мекемесінің мәліметінше, 8 қаңтар сағат 20:00-де Жамбыл облысындағы "Алматы-Ташкент-Термез" автожолының (Жаңа Қордай асуы) 159-238 шақырым аралығындағы учаскеде (Отар ауылы-Қайнар ауылы) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізілді. Аталған жолды 9 қаңтар сағат 10:00-де жолды ашу жоспарланған.
Қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылатын болады.
Ал 8 қаңтар сағат 21:00-ден бастап Жетісу облысындағы “Алматы-Өскемен” автожолының 276-325 шақырым аралығындағы учаскесінде (Талдықорған қаласынан Қызылағаш ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды. Бұл жол 9 қаңтар сағат 01:00-де ашылады деп күтілуде.
Қосымша ақпаратты 1403 байланыс орталығына тәулік бойы хабарласып алуға болады.