Екі облыста жолдар жабылды

Фото: t.me/qazavtojol
Фото: t.me/qazavtojol
14.12.2024 20:27
878
"ҚазАвтоЖол" еліміздің екі өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланыста жолдар жабылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Атап айтар болақ, 14 желтоқсан сағат 20:00-ден бастап Қарағанды облысындағы "Астана-Қарағанды-Алматы" автожолының 1353-1426 шақырым аралығында (Ақмола облысының шекарасынан Теміртау төлемақы алу пунктіне дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды. Сондай-ақ дәл осы уақыттан бастап Ақмола облысындағы "Астана-Қарағанды-Алматы" автожолының 1291-1353 шақырым аралығында (Жібек Жолы төламқы алу пунктінен Қарағанды облысының шекарасына дейін) жол жабылды.
Көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылған жолдарды 15 желтоқсан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
«Майқайыңалтын» кенішінде жұмысшы қаза тапты