Екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Ауа райының қолайсыздығына байланысты 2 облыстағы республикалық маңызы бар екі автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қостанай облысында жалпы ұзындығы 83 шақырымды құрайтын «Жезқазған-Петропавл» (Ұлытау обл. шек. - Арқалық қ.) автожалында көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды. Бұған Ұлытау облысындағы ауа райының қолайсыздығы себеп болған.
Ұлытау облысында жалпы ұзындығы 115 шақырымды құрайтын «Жезқазған-Петропавл» (Ұлытау к.-Қостанай обл.шек) трассасында екпінді жел, ауа температурасының төмендеуіне байланысты көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа тыйым салынды.
22 ақпан сағат 18:00-дегі жағдай бойынша республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп –ұстауға 631 бірлік техника және 1389 жолшы жұмылдырылды.
Оқи отырыңыз:
- -40 градус аяз. 22 ақпанға арналған ауа райы болжамы
- Жолда қалып қойған тұрғындарды үйінде қонақ еткен полицей алғысқа бөленді