Екі адамды өлтірген: алты жыл жасырынған қылмыскер Бішкекте ұсталды

Фото: ҚР ІІМ
Фото: ҚР ІІМ
26.02.2025 14:08
473
Алты жылдан астам уақыт жасырынып қылмыскер Қырғызстанда ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ІІМ және Қырғыз Республикасының құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылының нәтижесінде 33 жастағы азамат Бішкек қаласында ұсталды. Ол 2018 жылы Балқаш қаласында екі рет кісі өлтіргеннен кейін сот төрелігінен жасырынған.
Күдікті УҰИ-ға қамалды. Оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешілуде.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Елдің көп бөлігінде қар жауады