Жаңалықтар

eGov.kz порталы неге істемей қалды?

eGov.kz порталы неге істемей қалды?
Фото: ©El.kz/Артем Чурсинов 01.04.2025 15:06 410

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Ростислав Коняшкин eGov.kz электронды үкімет порталының неге жұмыс істемей қалғанын түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Вице-министрдің айтуынша, электронды үкіметтің уақытша істен шығуы ата-аналардың белсенділігімен байланысты.

Бүгін электронды үкімет платформасында қысқа мерзімді ақау байқалды. Бұл мектепке құжат қабылдау қызметін қолданушылардың көптігімен байланысты болды. Платформа тез арада қайта қалпына келгенін атап өткім келеді, - деді Коняшкин Үкіметте өткен брифингте.

Оның айтуынша, бірінші сыныпқа құжат қабылдау қызметі бүгін сағат 15:00-те басталуға тиіс болған.

Тиісінше сағат үште бұл қызмет жұмыс істеп тұрады және қолжетімді болады, - деп сендірді Коняшкин.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға