Жаңалықтар

eGov Mobile қосымшасында Қазпошта қызметтері қосылды

eGov Mobile қосымшасында Қазпошта қызметтері қосылды
Фото: коллаж El.kz 13.12.2024 17:54 374

EGov Mobile мобильді қосымшасында «Qazpost» онлайн сервистері қолжетімді болды. Осының арқасында қазақстандықтар шетелдік маркетплейстерден тауарларға тапсырыс бере алады және қажет болған жағдайда кедендік құжаттарды ресімдей алады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Qazpost» сервисі Қазақстан азаматтарына Amazon, AliExpress және басқа да жетекші әлемдік платформаларда халықаралық сатып алуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Оның ішіне екі бағыт кіреді: Keruen дропшиппинг – АҚШ, Еуропа және Қытайдан жеткізу және Keden – кедендік декларация.

EGov Mobile үшін «Қазпошта» АҚ ұлттық операторымен ынтымақтастық халық үшін қызметтер спектрін кеңейтуді білдіреді. Бүгінгі таңда азаматтарға қосымшада онлайн режимінде пайдалануға болатын түрлі қызметтер бар.

«Keruen – шетелдегі дүкендерден жеткізу» бөлімінде жеткізу құны мен мерзімі көрсетіледі. Сонымен қатар, осы бөлімде жеткізу қызметі, соның ішінде үлкен көлемді пакеттерді жеткізу, құнды есептеу калькуляторы сондай-ақ жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар бар. Пайдаланушы күтілетін сәлемдемені бақылау үшін «Күтілетін сәлемдемені қосу» батырмасын басып, барлық қажетті өрістерді толтырып, «Жіберу» батырмасын басу арқылы  қоса алады.

«Keden – кеден қызметтері» бөлімінде бажды есептеу және жиі қойылатын сұрақтармен танысу мүмкіндігі бар. Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін іздеу жолағы қарастырылған, онда сәлемдеменің трек нөмірі немесе телефон нөмірі бойынша бұрын жіберілген өтінім бойынша толық ақпарат алуға болады.

Сервис ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және «Қазпошта» АҚ бірлескен жұмысының арқасында іске қосылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға