Жаңалықтар

ЕGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы eOtinish-ке қалай өтінім беруге болады

ЕGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы eOtinish-ке қалай өтінім беруге болады
Фото: ©El.kz/ Артем ЧУРСИНОВ 25.06.2023 08:25 844

Әділет министрлігі «eGov Mobile» мобильді қосымшасы арқылы eOtinish-ке қалай дұрыс өтініш беруге болатынын түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

 «еOtinish» ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік органдарға өтінішіңізді сәтті жасау және жолдау үшін «eGov Mobile» қосымшасына кіру қажет. Әрі қарай «Қызметтер» бөлімінде «eOtinish» бөліміне басу керек. Басқаннан кейін Сіз «eOtinish» ақпараттық жүйесінің басты бетіне өтесіз. Содан кейін «Өтініш беру» бөліміне басып, пайда болған терезеде электрондық форманы толтыру қажет, - делінген мәліметте.

Ал тиісті бағандарды сәтті толтырғаннан кейін сізге бар болғаны «Қол қою және жіберу» батырмасын басу керек. Бұл әрекет сіздің өтінішіңіз мемлекеттік органға тіркеу үшін және одан әрі қарауға жіберілгенін білдіреді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға