Егіс науқанына жеңілдікпен несие беру 700 млрд теңгеге дейін артты

Фото: t.me/KZgovernment
Фото: t.me/KZgovernment
07.04.2025 11:16
197
Премьер-министр Олжас Бектенов отандық фермерлермен кездесу өткізді, оның барысында мемлекеттік қолдау шаралары, оның ішінде көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру талқыланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров өткен жылмен салыстырғанда көктемгі егіс жұмыстарын жеңілдікпен несиелеу көлемі рекордтық 700 млрд теңгеге дейін артқанын айтты. 2024 жылы мемлекет 580 млрд теңге бөлді.
Сонымен қатар министрдің айтуынша, Үкіметтің бастамасымен 2025 жылғы жеңілдікпен несиелеуге өтінімдерді қабылдау өткен жылдың қараша айынан бастап іске қосылған. Бұған дейін «Кең дала» бағдарламасы бойынша қаражат мамыр айында, егіс қызу жүріп жатқан кезде берілетін.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Екібастұзда Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы сотталды
Келесі жаңалық
«Жасанды интеллект туралы» заң жобасы талқыланды