Жаңалықтар

Егіс алқабында жүздеген гектар өнім жиналмай қалды – сенатор

Егіс алқабында жүздеген гектар өнім жиналмай қалды – сенатор
Фото: t.me/senate_kz 11.01.2024 12:16 1430

Сенат депутаты Ғалиасқар Сарыбаев диқаншылардың шығынға ұшырағанын және Алматы, Жетісу облыстарындағы жүгері өсірушілердің мәселесіне назар аударып, депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Депутат 2023 жыл еліміздегі диқаншылар үшін күрделі жыл болғанын атап өтті. Жауын-шашынның жаумауы, су тапшылығы, ауыл шаруашылығы нарығындағы өнімдердің түсіп кетуі және басқа да себептер көптеген шығындарға әкелгенін айтты.

Біз жақында ауылдарды аралап, тұрғындармен және шаруалармен кездестік. Кездесуде шаруалар алған өнімдерінің өтпей отырғанын, сақтау орындарының тапшылығын, азық-түлік бағасының өсуін тілге тиек етті. Біз Алматы және Жетісу облысындағы жүгері өсірушілердің мәселесіне назар аударғымыз келеді. Жүгері – азық-түлік, жем-шөп және техникалық мақсатта пайдаланылатын маңызды дақылдардың бірі. Жетісу мен Алматы облыстары жүгеріні 700 жылдан астам уақыт бойы өсіріп келеді. Қазақстанда ғана емес, көршілес елдер арасында негізгі өндірушілердің біріне айналды, – деді сенатор.

Оқи отырыңыз: 

Десе де сенатор былтырғы қолайсыз ауа райының салдарынан егіс алқабында жүздеген гектар өнім жиналмай қалғанын атап өтті.

Сақтау орындарының жоқтығы немесе оны ұсынып отырғандардың бағаларының көтеріңкі болуы, жүгері өнімдерінің ашық аспан астында қалуы, нарықтағы бағаның төмендігі, өнімдерінің өтпеуіне әкелуде, – деді депутат.

Сенатор ауыл шаруашылығы өндірушілерін шығындардан шектеу мақсатында іс-шара жоспарын шұғыл енгізуді тапсырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға